2020 ж. 12 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Спорт министрі ханзада Әбделазиз бен Турки Әл-Фейсал Әл Саудпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді

2020 ж. 12 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Спорт министрі ханзада Әбделазиз бен Турки Әл-Фейсал Әл Саудпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді

2020 ж. 12 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Спорт министрі ханзада Әбделазиз бен Турки Әл-Фейсал Әл Саудпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасына елімізде спорт және денешынықтыру саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан шаралар, халықаралық деңгейдегі қазақстандық спортшылардың жетістіктері, Қазақстанда ұйымдастырылған түрлі ірі спорт жарыстары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, тараптар екі ел арасында спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен спорттық және жаттығу шараларын өткізу, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдары аясында өзара ықпалдастықты нығайту төңірегінде пікір алмасты.

Ханзада Әбделазиз бен Турки спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту мақсатында САК Спорт министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрілігі арасындағы Спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға жақын болашақта қол қоюдың маңыздылығын атай отырып, өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға дайындықтарын жеткізді.

Ханзада Әбделазиз бен Турки көптеген автоспорт жарыстарына қатысып, түрлі жетістіктерге қол жеткізген белгілі спортшы болып табылады (Porsche GT3, Toyo Tires, Porsche GT3 Challenge Middle East, Formula BMW Bahrain, ADAC GT, Porsche GT3 CCME, Radical Masters AUH, Gulf Race12 Hours, FIA GT3, GT3).