2020 ж. 30 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Сауд университетінің ректоры доктор Бадран әл-Омармен кездесті

2020 ж. 30 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Сауд университетінің ректоры доктор Бадран әл-Омармен кездесті

2020 ж. 30 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Сауд университетінің ректоры доктор Бадран әл-Омармен кездесті.

Кездесуге Король Сауд университетінің проекторлары доктор Абдалла әл-Салман мен доктор Мұхаммед Нумай және Халықаралық ынтымақтастық және ғылыми байланыстар департментінің директоры доктор Мезиад Әлтеркауи қатысты.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттастарына ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қыркүйек айында жариялаған Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттары және еліміздегі ғылым-білім саласы мен жоғарғы оқу орындарының қызметін жетілдіру мақсатында Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, тараптар Король Сауд университеті мен қазақстандық жоғарғы оқу орындары арасында байланыстарды дамыту, соның ішінде ақпараттық технологиялар, араб тілі мен әдебиеті, түрлі ғылыми-техникалық саларда мамандар дайындау бойынша тәжірибе бөлісу, студенттермен және ұстаздармен алмасу жөнінде пікір алмасты.

Бадран әл-Омар өзі басқаратын оқу орнымен қазақстандық университеттермен, соның ішінде Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен өзара тиімді байланыстарды заман талабына сай одан әрі нығайтуға дайындықтарын жеткізді.

Риядта орналасқан Король Сауд Университеті мемлекеттік оқу орны болып табылады. Ол 1957 жылы 6 қарашада Король Сауд бен Әбделазиз жарлығымен құрылған. Сол  уақыттан бері ол үлкен академиялық орталыққа айналды, университет және оның басқа қаларда орналасқан филиалдары мен ғылыми орталықтарында 65000-нан астам студенттер оқиды.

Университет қалашығын 1980 жылы американдық «Blount International» құрылыс компаниясы салған. Территориялық көлемі бойынша әлемдегі екінші университет болып саналады. Ол жерде 10-нан астам кітапхана, 2 емхана, өзінің жеке ғылыми орталығы, кампустар және отбасылық жатақханалар орналасқан. Университет құрамына медицина, ғылым және гуманитарлық мамандықтар бойынша 24 институт пен колледж кіреді.

Бұл жоғарғы оқу орны Сауд Арабиясында бірінші, ал әлемдік ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингісінде 287 орынды иеленген.