
2020 ж. 28 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Дүниежүзілік Ислам Лигасы Бас хатшысының арнайы кеңесшісі доктор Әбделазиз Сарханмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, дінаралық диалогты одан әрі ілгерілету бойынша пікір алмасты.