Меню

Страницы

Статья

«Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

1. Осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік даулары мен өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші, сондай-ақ жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы Қазақстан Республикасының сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушы) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініші осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушіге «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген қажетті құжаттармен қоса беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.
Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті толтыру кезінде мәліметтерді және/немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қайта тапсырылады.
3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қабылдауды және өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінішті қабылдау күні, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағайындалған күні, сондай-ақ кейіннен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының нөмірі көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні акт жазбасын екі данада басып шығарады да некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.
4. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзімді белгілей отырып, қамауда отырған жұбайын не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысын немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкінің қорғаншысын хабардар етеді. Осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінде дау болғаны туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға кедергі болып табылмайды.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға онда көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
5. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы хабарламаны неке қиюды тіркеу орны бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына жібереді.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
7. Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
8. Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ акті жазбаларының екі данасы бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
9. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды өкілдер арқылы мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
10. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде шығарылған некені бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен жүгінген жағдайда, Кодекске сәйкес қабылданған құжаттар неке қию туралы акт жазбасының берілген жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою үшін жіберіледі.

Дата публикации
21 июня 2020
Дата обновления
21 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
18 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
18 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары