Кодекстің 11 бабында көрсетілген адамдар арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар негіздерде қайта беріледі.
Өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдарға оны тіркеу тәртібі мен шарттарын, олардың болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, екі жақты келісім бойынша медициналық тексеру жүргізу құқығы туралы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некедегі (ерлі-зайыптылықта) және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын неке шартын жасасу құқығы туралы түсіндіреді.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу уақытын (күнін және уақытын) белгілейді, бұл туралы өтініште белгі қойылады.
Неке жасына толмаған адамдарды неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш береді.
Осы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кодекстің 10-бабының 2- тармағында көрсетілген дәлелді себептер бар болса, көрсетілетін қызметті беруші неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы шешім қабылдайды, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні екі данада акт жазбасын басып шығарады және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Некеге тұратын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге белгіленген неке қиюды тіркеу күні келуге міндетті. Белгіленген күні некеге отыратын адамдар не олардың біреуі келмеген жағдайда, неке қию туралы акт жазбасы келесі күнтізбелік жұмыс күні күшін жоюға жатады.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік өтініш берушіге онда көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
Тегін басқа жұбайының тегіне өзгерту кезінде жұбайының тегі ұлттық дәстүрлерге сай берілген болса, оның тегі оның жынысына сәйкес және жұбайының (зайыбының) тегінің түпкі негізін сақтай отырып, ұлты әр түрлі адамдардың тегінің дұрыс жазылуына сәйкес айқындалады.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік өтініш берушіге онда көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 3-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
Тиісті құжаттар:
Банк шотының деректемелері:
Beneficiary: Embassy of Kazakhstan
Benf Address: Riyadh, Saudi Arabia
Account/IBAN No: SA 2545 0000 0001 1004 272 081
Swift Code: SABBSARIXXX
Төлем процесі туралы ақпаратты алу үшін SABB кеңсесіне хабарлауды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.