1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көзделген қажетті құжаттармен қоса көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге ата-аналары немесе басқа да мүдделі адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы) баланы туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туған жағдайда, туу сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.
Өтініште баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Кодекстің 63 және 194-баптарындағы талаптарына сәйкес көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтін жалпы көрсету мерзімі бес жұмыс күні.
2. Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе құжаттардың жарамдылық мерзімінің өткендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар негіздерде қайта беріледі.
3. Көрсетілетін қызметті алушы тізімде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініштердің есебін жүргізу журналында тіркеп, құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін мемлекеттік беруші қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғаны туралы растау талонын, оның қабылданған күнін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және құжаттар пакетін алған уақытын көрсететін белгі қойып береді.
Көрсетілетін мемлекеттік беруші бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне құжаттарды тексеріп, екі жұмыс күні ішінде «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) деректерді енгізеді. АХАЖ АЖ-ға кіруге рұқсат болмаған жағдада, көрсетілетін мемлекеттік қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың сканерленген нұсқасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД) электрондық поштасына деректерді АХАЖ АЖ-не енгізу үшін жолдайды.
АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркелгеннен кейін көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші актілік жазбаны екі данада басып шығарады және туу туралы куәлікті қалыптастырады.
Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші жасаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының негізінде жүргізіледі.
Туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Елтаңбалық бланкілерді беру» журналына (бұдан әрі - шығыс журналы) енгізіліп, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
5. Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
6. Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акті жазбалары мен қорытындылардың екі данасы (бар болса) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Cұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
7. Егер бала туған кезде туған баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініш беріледі және оның және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыс толтырылуы тексеруге жатады.
Әке болуды анықтау фактісі тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі.
8. АХАЖ АЖ-да бір мезгілде тууды мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде туу туралы акт жазбалары екі данада әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізудің алдында және соңында басып шығарылады.
Мұндай жағдайда баланың туу туралы куәлігі әке болуды анықтауға байланысты енгізілген өзгерістер, толықтырулар ескеріле отырып беріледі.
9. Баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке (ана) болуды анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініштерді өкілдер арқылы қабылдауға жол берілмейді.
Баланың туылуын тіркеу және ҚР туу туралы куәлігін алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
3. Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
4. Туу туралы медициналық куәлік немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
5. 35 АҚШ доллар сомасына консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
- ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;
- баланың денсаулығы туралы анықтама.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек консулдық заңдастыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады ("Құжаттарды заңдастыру" бөлімін қараңыз).
Банк шотының деректемелері:
Beneficiary: Embassy of Kazakhstan
Benf Address: Riyadh, Saudi Arabia
Account/IBAN No: SA 2545 0000 0001 1004 272 081
Swift Code: SABBSARIXXX
Төлем процесі туралы ақпаратты алу үшін SABB кеңсесіне хабарлауды сұраймыз.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.