Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналым 2023 жылғы қаңтар мен қазан аралығында 14,0 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 7,5 млн. долл., импорт – 6,5 млн. долл.). 2022 жылы тауар айналымының көлемі 16,4 млн. АҚШ долл. (экспорт – 4,69 млн. долл., импорт – 11,76 млн. долл.), ал 2021 жылы – 8,6 млн. АҚШ долл. болды (экспорт – 5,47 млн., импорт – 3,16 млн.).

ҚР экспорты: нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, ферроқорытпалар, сұйық сорғылар, арнайы мақсаттағы машиналар мен механикалық құрылғылар, қара металдардан жасалған бұйымдар, карбидтер, тас көмір және т. б.

ҚР-ға импорт: бояулар мен лактар, құбырлар, қара металдардан жасалған түтіктер және жіксіз профильдер және т. б.

Экономикалық саладағы елдердің өзара іс-қимылының негізгі тетігі Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады.

ҮАК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Ә.Нұртілеу, Сауд Арабиясы тарапынан – САК Инвестиция министрі Х.Әл-Фалих.

Осы уақытқа дейін ҮАК-тың 6 отырысы өткізілді (1999 ж. қазанда Астанада, 2004 ж. наурызда Ар-Риядта, 2009 ж. мамырда Астанада, 2014 ж. қарашада Ар-Риядта, 2021 ж. қыркүйекте Астанада және 2023 ж. желтоқсанда Ар-Риядта).

2023 ж. 25-27 қарашасы – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев бастаған Қазақстан кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық миссиясының САК-қа сапары.

2023 ж. 21 желтоқсанда Ар-Рияд қаласында Қазақстан-сауд іскерлік кеңесінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті. Қазақстан тарапынан іскерлік кеңестің тең төрағасы «GreyWolf Management» ЖШС-ның Бас директоры Қ.Құдайбергенов, ал Сауд тарапынан – Al Rajhi International for Investment (RAII) компаниясының Бас директоры Ахмед Әл-Дахил болып табылады.

 

Әуе қатынасы

2022 жылы SCAT әуекомпаниясы «Алматы-Жидда» бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта бастады, сондай-ақ «Алматы–Медина», «Шымкент–Джидда» және «Шымкент–Медина» (рейстердің жиілігі аптасына 2 рет) бағыттары бойынша жаңа тікелей рейстерді іске қосты. Сонымен қатар, 2023 жылдың қараша айынан бастап «Flynas» сауд компаниясы мен «Air Astana» компаниясы «Алматы–Жидда–Алматы» бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты (рейстердің жиілігі аптасына 2 рет). ҮАК 6-шы отырысының қорытындысы бойынша ҚР мен САК арасында 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап Сауд Арабиясының «Flynas» авиакомпаниясының «Алматы–Ар-Рияд» бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Дата публикации
20 февраля 2020
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
18 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
18 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
18 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары