Beneficiary: Embassy of Kazakhstan
Benf Address: Riyadh, Saudi Arabia
Account/IBAN No: SA 2545 0000 0001 1004 272 081
Swift Code: SABBSARIXXX
Төлем процесі туралы ақпаратты алу үшін SABB кеңсесіне хабарлауды сұраймыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВИЗАЛАРЫН БЕРУ ҮШІН
АЛЫНАТЫН КОНСУЛДЫҚ АЛЫМНЫҢ БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
|
Бір мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту (туристтік және транзиттік визалардан басқа) |
80 АҚШ доллары |
|
Көп мәртелік виза және оның мерзімін ұзарту (туристтік және транзиттік визалардан басқа) |
1 жылға дейін - 200 АҚШ доллары 2 жылға дейін - 400 АҚШ доллары 3 жылға дейін - 600 АҚШ доллары 4 жылға дейін - 800 АҚШ доллары 5 жылға дейін - 1000 АҚШ доллары |
|
Туристтік виза (бір мәртелік) |
60 АҚШ доллары |
|
Туристтік виза (көп мәртелік) |
90 АҚШ доллары |
|
Транзиттік виза (бір мәртелік) |
20 АҚШ доллары |
|
Транзиттік виза (көп мәртелік) |
90 АҚШ доллары |
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемлекеттік баж алынады.
Салық кодексінде көзделген жағдайларда шақыру құжаттарын және виза ресімдеу үшін консулдық алым және мемлекеттік баж алынбайды.
Визаларды беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым немесе мемлекеттік баж төленгеннен кейін жүргізіледі.
Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.