Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында қол қойылған екіжақты құжаттардың тізімі
I-мемлекетаралық
- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы хаттама (Рияд қаласы, 2019 жылғы 30 сәуір).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, техникалық және мәдениет салаларындағы, сондай-ақ спорт саласы мен жастар ісі туралы Бас келісім (Жидда қаласы, 1994 жылғы 27 қыркүйек).
II-үкіметаралық
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында дипломатиялық өкілдік пен Елшінің резиденциясын салуға жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы келісім (өзара түсіністік негізінде) (Рияд қаласы, 2004 жылғы 14 шілде)
- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Рияд қаласы, 2004 жылғы 11 желтоқсан)
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында Астана қаласында САК Елшілігі объектілерін салу үшін жер телімін беру туралы келісім (Астана қаласы, 2009 жылғы 4 ақпан).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа салалары және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күресу туралы келісім (Джидда, 28 қыркүйек 2010 ж.). (Жидда қаласы, 2010 жылғы 28 қыркүйек).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында ҚР Парламенті ғимаратының құрылысына грант бөлу туралы өзара түсіністік меморандумы (Рияд қаласы, 1999 жылғы 8 қараша).
- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясының Даму Фонды арасында Қарағанды-Астана тас жолын қайта құруға жобасын қаржыландыруға қатысты қарыз алу туралы келісім (Астана қаласы, 2000 жылғы 1 қараша).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында А.Сызғанов атындағы Хирургиялық орталығының құрылысына грант бөлу туралы өзара түсіністік меморандум (Рияд қаласы, 2001 жылғы 22 қазан).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция (Астана қаласы, 2011 жылғы 7 маусым).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында атом энергиясы саласын бейбіт мақсатта пайдалану туралы келісім (Рияд қаласы, 2016 жылғы 25 қазан).
- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында сотталған адамдарды ұстап беру туралы келісім (Рияд қаласы, 2016 жылғы 25 қазан).
- Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында адамдарды беру туралы келісім (Рияд қаласы, 2016 жылғы 25 қазан).
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Рияд қаласы, 2023 жылғы 20 желтоқсан).
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы