Қазақстан мен Латвия Ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Латвия Ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Рига, 2025 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвия Республикасының Ауыл шаруашылық министрі Армандс Крауземен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын арттыру бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ ормандарды қалпына келтіру, оның ішінде сарапшылармен, технологиялармен және тәжірибемен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар биылғы жылы бірлескен іс-шаралар өткізуге қызығушылық танытып отырғанын растады. Осылайша А.Краузе «KazAgro/KazFarm-2025» ірі салалық көрмесін тамашалауға шақыру алды.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат жақын арада екі елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі шарттық-құқықтық негізді қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.