
Рига, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан мен Өзбекстанның Латвиядағы Елшіліктері жаңадан құрылған Балтық-Орта Азиялық экономикалық даму қауымдастығымен бірлесіп «2025: Латвияның Қазақстанмен және Өзбекстанмен ынтымақтастығының жаңа перспективалары» тақырыбында іскерлік кездесу өткізді.
Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов өзінің сөзінде Латвияның бизнес-қауымдастығының өкілдеріне ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың озық технологияларды енгізу арқылы елдің жаңа өнеркәсіптік бағанын қалыпастыру жөніндегі бастамалары туралы хабарлады. Қазақстанның экономикалық жағдайына және елдің инвестициялық ахуалына назар аударып, латвиялық компанияларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Іс-шараға телекоммуникация ауыл шаруашылығы, инвестициялар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін Латвияның іскерлік ортасының 60 өкілі қатысты. Кештің құрметті қонақтары: Латвия Ғылым академиясының Экономика институтының директоры Н.Линде, Латвия темір жолы Басқармасының мүшесі –Қазақстан-Латвия іскерлік кеңесінің Латвия тарапынан Тең төрағасы Р.Плявниекс, Рига еркін портының Басқарма төрағасының орынбасары Э. Суна, Вентспилс еркін порты Басқарма төрағасының орынбасары И.Удодовс және BluOR Bank Басқарма төрағасы Д. Латышев.