
Рига, 2025 жылғы 5 ақпан - Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвия Жұмыс берушілер конфедерациясының Президенті Андрис Битемен және Латвия темір жолының Басқарма мүшесі – Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің Латвия тарапынан Тең төрағасы Риналдс Плявниекспен кездесуі өтті.
Тараптар экономиканың түрлі секторларында бірқатар нақты жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда сұхбаттасушылар бизнес-байланыстарды жандандыру қажеттілігімен, оның ішінде Қазақстан-Латвия Іскерлік кеңесінің жұмысын қайта жандандыру қажеттілігімен келісті.