
Латвия Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, «2020-2021» академиялық оқу жылы қыркүйек айында басталады. Ол күндізгі оқу нысаны бойынша өтеді. Оқу процесінің нақты басталу уақытын әр жоғары оқу орнынан жеке анықтау қажет.
Қазіргі таңда Қазақстандық студенттер үшін Латвияда оқуға ешқандай шектеу жоқ. Тек Латвияға келген уақыттан бастап міндетті түрде 14 күндік оқшалану (тұрғылықты орын бойынша) қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстаннан Латвияға (Амстердам, Франкфурт транзиті арқылы Ригаға) халықаралық рейстерді «Air Astana», «airBaltic» және «Lufthansa» әуекомпаниялары жүзеге асырады. Ақпаратты әуекомпаниялардың ресми сайттары арқылы нақтылау және растау қажеттілігіне назар аударамыз.
Осыған байланысты қазақстандық студенттерді үйлестіру және оларға қажетті көмек көрсету үшін Сыртқы істер министрлігінде Жедел штаб құрылды. Жедел штабтың ақпаратын мына сілтеме арқылы алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/documents/details/59900?lang=ru
Қазақстандық студенттерге Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінен мына байланыс номерлері арқылы ақпарат алуға болады: +371 25 696 609, +371 29 154 858 немесе мына электрондық поштаға rigaconsulate@mfa.kz .
Жедел қолғабыс және қажетті көмек көрсету үшін Елшілік қазақстандық студенттерге Латвияға келісімен консулдық тіркеуге тұруға кеңес береді.