
Рига, 2024 жылғы 19 желтоқсан - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов жаңадан сайланған Латвия ғылым академиясының академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-математика ғылымдары институтының профессоры Алма Дәулетбековамен кездесті.
Қазақстандық дипломат профессорды оның жаратылыстану ғылымдарының дамуына және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосқан үлесінің ең жоғары бағаланғанын куәландыратын жоғары ғылыми атақ алумен құттықтады.
А.Дәулетбекова қазақстандық және латвиялық ғылыми мекемелерінің ұзақ уақыт келе жатқан дәстүрлі өзара іс-қимылы туралы хабардар етті, сондай-ақ бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.