Ригада «Kazakhstan Born Bold» туристік фотокөрмесі ашылды

Ригада «Kazakhstan Born Bold» туристік фотокөрмесі ашылды

Рига, 2024 жылғы 8 желтоқсан – Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Ригадағы «VEF» мәдениет сарайында Қазақстанның табиғаты мен туристік әлеуетіне арналған «Kazakhstan Born Bold» туристік фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары, жергілікті зиялы қауым, қазақ диаспорасы, Димаш Құдайбергеннің «Dimash Latvia Dears» фан-клубының өкілдері, сондай-ақ «Riga Symphony-2024» Халықаралық фестивалінің қатысушылары қатысты.

Фотокөрменің салтанатты ашылуында Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Тәуелсіздіктің 33 жылы ішіндегі Қазақстанның негізгі жетістіктерін, яғни экономикалық прогресті, қоғамдық дамуды, халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы рөлін атап өтті.

Іс-шара қонақтарына «Born Bold» акциясы аясында еліміздің туристік әлеуеті таныстырылды. Онда әркім бірегей табиғаттың фотосуреттерімен, көркем ландшафттардың табиғи көріністерімен және Қазақстанның көрікті жерлерімен таныса алды.

Фотокөрме қорытындысы бойынша қазақстандық дипломаттар еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында биылғы жылы Елшілік басып шығарған Қазақстан туралы туристік нұсқаулықты барша жиналған қонақтарға сыйға тарту етті.