
Рига, 2024 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі жыл сайынғы іс-шараға – Рига Халықаралық әйелдер клубы (IWCR) ұйымдастырған халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараға шет елдердің 30-дан астам дипломатиялық өкілдіктері және Латвияның 18 қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.
Қазақстан Елшілігі отандық кәдесый өнімдері мен қазақ ұлттық тағамдарын ұсынды. Қазақтың әшекейлері мен ұлттық киімдері, ағаштан жасалған бұйымдары, сондай-ақ түрлі ұлттық тағамдары жәрмеңкеге келушілердің қызығушылығын тудырды.
Қайырымдылық жәрмеңке әсерлі және көңілді түрде өтті. Жәрмеңкенің музыкалық бағдарламасында Латвия мен өзге елдердің әуендері мен билерінен басқа Қазақстан Елшілігі ұсынған ұлттық жанрдағы әуенмен сүйемелденген Қазақстан туралы туристік бейнероликтерді көрсетті. Елшілік сонымен қатар еліміздің жаһандық бизнес, инвестициялар, туризм және мәдени алмасуға арналған батыл әрі тартымды бағыт ретінде көрсететін «Born Bold» науқанын ұсынды.
Іс-шара аясында жәрмеңкеге келушілер арасында Елшілік қазақтың көрнекті геолог ғалымы, академигі Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай викторина өткізді. Викторинаға қатысушылар осындай танымдық акцияларды өткізу Қазақстанды, қазақ зиялыларының өкілдерін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жақынырақ білуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ бұл өз кезегінде бірлік, достық және өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыратынын атап өтті.
Жәрмеңкеге келушілер Елшілік ұсынған көшпелі қазақ халқының рухы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін Қазақстанның мәдени мұрасына және аспаздық өнеріне тәнті болғандарын айтты.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат елдегі әлеуметтік жобаларды қолдау үшін Латвияның қайырымдылық қорына берілді.