ЛАТВИЯДАҒЫ COVID-19 ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ЖЕҢІЛДЕТУ ТУРАЛЫ

ЛАТВИЯДАҒЫ COVID-19 ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ЖЕҢІЛДЕТУ ТУРАЛЫ

Ү.ж.17 тамыздан бастап Латвия аумағында қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, мәдени, спорттық және діни шаралар өткізетін жерлер үшін шектеу түрлері жеңілдетілді:

- ашық ауа астында 3000 кісіге дейін, үй-жайларда – 1000 кісіге дейін жиналуға рұқсат;

- қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелде 8 кісіден отырса, ашық террасаларда шектеулер жоқ;

- қоғамдық тамақтану орындары, мәдени, спорттық және діни мекемелерге түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат;

- ойын-сауық кешендері, оның ішінде түнгі клубтарға сағат 24-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат;

- қоғамдық тамақтану орындарында бір кісіге бөлінуі қажет қашықтық 4-тен 3 метрке азайтылды. Үстелдер арасында екі метрлік қашықтық сақтау талабы сол күйінде өзгеріссіз;

- бір жерде жиналатын кісілердің саны, оның жалпы сиымдылығының 50%-нан аспауы қажет.