Қазақстан Елшісі Латвияның Тоғызқұмалақ Федерациясына V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқаны үшін алғысын білдірді

Қазақстан Елшісі Латвияның Тоғызқұмалақ Федерациясына  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқаны үшін  алғысын білдірді

Рига, 2024 жылғы 9 қазан – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Тоғызқұмалақ Федерациясы мен «Logika» интеллектуалдық үстел үсті ойындары клубының басшысы Любовь Азимовамен және көшпелі зияткерлік спорт түрлері бойынша ең мықты латвиялық спортшы Карина Алексеевамен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Любовь Азимова Латвия тарапынан  Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына – Латвия Тоғызқұмалақ Федерациясының 5 спортшысы қатысып, жарыс қорытындысы бойынша «Мангала» зияткерлік ойыны бойынша қола медаль жеңіп алғаны жөнінде хабардар етті.

Ол өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары бағалап, аталған ойындардың ауқымдылығы мен ойын-сауық жарыстары туралы жағымды әсерлерімен бөлісті. Қатысушы елдердің көшпелі мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін көрсету мүмкіндігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша латвиялық спортшылар түркітілдес елдердің бірлігін және қазақ халқының батыл рухын сезінді.

Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Любовь Азимоваға және оның командасына Латвиядағы қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын насихаттау мен дамытуға қосып жатқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, қола медальмен құттықтады.