Қазақстан Елшісі Балтықтың ірі фармацевтикалық концернімен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Елшісі Балтықтың ірі фармацевтикалық концернімен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Рига, 2024 жылғы 1 қазан – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Grindex» концернінің Басқарма төрағасы – химия ғылымдарының докторы Юрис Хмельницкиспен кездесті.

Кездесу барысында Ю.Хмельницкис «Grindex»-тің қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге бағытталған Концерннің қазақстандық фармацевтикалық компаниялармен ағымдағы ынтымақтастығы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Д.Кәріпов Латвия концернінің Қазақстандағы фармацевтік саланы дамытуға қатысуына, оның ішінде өндірісті оқшаулау мүмкіндігіне қазақстандық тарап қызығушылық танытатынын  растады.

 

Анықтама үшін: «Grindex» – 1946 жылы негізі қаланған Балтық елдеріндегі фармацевтикалық өнімдердің жетекші өндірушісі. Концерннің портфелінде халықаралық қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкес өндірілген түпнұсқалық препараттар, дженериктер, сондай-ақ белсенді фармацевтикалық ингредиенттер бар. Концерн өнімдері әлемнің 100 елінде ұсынылған.