
Рига, 2024 жылғы 30 қыркүйек - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия ғылым академиясының Президенті Иварс Калвиншпен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар 2023 жылғы қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Латвия ғылым академиясы арасындағы ғылым саласындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік туралы меморандумның негізгі ережелерін практикалық іске асыру мәселелерін талқылады.
Осыған байланысты екі елдің ғылыми саладағы өзара іс-қимылын кеңейту бойынша нақты қадамдар анықталды.