Қазақстан Елшісі Латвия темір жол басшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Латвия темір жол басшысымен кездесті

Рига, 2024 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Латвия темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Артис Гринбергспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ұлттық теміржол желілерін дамыту барысы, ішкі және халықаралық тасымалдау көлемі туралы ақпаратпен алмасты. Бұл ретте қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының аумағы арқылы «Шығыс-Батыс» белдігі бойынша жаңа көлік ағындарының қалыптасуына және осыған байланысты құрылып жатқан қосымша көлік-логистикалық инфрақұрылымға ерекше назар аударды.

Тараптар екі елдің темір жол тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелеріндегі пайдаланылмаған үлкен әлеуетіне келісті және осы бағытта, оның ішінде 2024 жылғы 9-11 қазанда Астана қаласында өтетін 27-ші Қазақстандық халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі аясында сұхбатты жалғастыруға келісті.