
Рига, 2024 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия сауда қауымдастығының президенті – ЕО сауда жөніндегі кеңесшісі Хенрикс Данусевичспен және «The World Is Yours» туристік компаниясының басшысы Анжелика Косыгинамен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар бірлескен туристік әлеуетті кеңейтуге мүдделілігін растады. Туристердің неғұрлым белсенді және тұрақты алмасуы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.