Латвияда Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды

Латвияда Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды

Рига, 2024 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Дәурен Кәріпов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша Латвияның сараптамалық, ғылыми-академиялық қоғамдастығы, БАҚ және іскер топтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов іс-шараға қатысушыларды еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыру мәселелері қозғалған Жолдаудың негізгі аспектілерімен таныстырды.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы 2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу күнін атап өтті, бұл жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының үлгісі болады. Бұдан басқа, Жолдауда қазақстандық қоғам мен тұтастай мемлекет өмірінің барлық салаларын жан-жақты және жүйелі түрде жаңартуға бағытталған президенттік реформалардың стратегиялық бағытына ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз тарапынан Қазақстан экономикасының өсу қарқынын, Республика басшылығының реформаларды жүргізудегі жүйелі тәсілін, сондай-ақ халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау шараларын жоғары бағалады.

Латвия кәсіпкерлері өз тарапынан елімізбен тығыз экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделі екендіктерін растап, Қазақстан Президенті өз Жолдауында ұсынған бастамалар мен жобалар шетелдік инвесторларға қазақстандық серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Іс-шара қатысушылары Жолдауды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында қол қойылған Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерімен үйлесімді екенін атап өтті.