Латвия СІМ-де Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Латвия СІМ-де Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды

Рига, 2024 жылғы 11 қыркүйек - Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік хатшының орынбасары - Саяси директор Иварс Ласиспен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан-Латвия қарым-қатынасының өзекті мәселелерін, соның ішінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі қадамдар туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Латвия арасында халықаралық сахнада, соның ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы тұсындағы өзара әрекеттесу мәселелеріне назар аударылды.

Қазақстан Елшісі латвиялық дипломатты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.