Қазақстан мен Латвия мәдениет және музей ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Латвия мәдениет және музей ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Рига, 2024 жылғы 7 тамыз  – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Этнографиялық мұражайының директоры Занда Кергалвемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мәдениет және музей ісі саласындағы Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ келесі жылдың көктемінде орнатылғанына 25 жылдан асқан Рига-Алматы бауырластық байланыстардың аясында, Алматы қаласы мұражай бірлестігінің топтамасынан бірегей экспонаттардың көрмесін өткізу мәселесін талқылады.

Қазақстандық дипломат мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Латвия қатынастарының белсенді серпінмен дамып отырғанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар аталған бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету жөнінде уағдаласты.