Қазақстан мен Латвия жаңа тұрақты әуе бағыттарын ашуға мүдделі

Қазақстан мен Латвия жаңа тұрақты әуе бағыттарын ашуға мүдделі

Ү.ж. 6 тамызда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріповтің «airBaltic» латвиялық ұлттық әуе компаниясының Вице-президенті Светлана Абашкинамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы жолаушылар және жүк әуе тасымалдарын қайта жандандыру жолдарын талқылады.

Тараптар екі ел арасында сауда экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында әуе жол тасымалдарын жандандыруға мүдделі екендіктерін растады.

Кездесу қорытындысында тараптар келіссөздерді жалғастыруға және тікелей әуе бағатын ашу бойынша нақты жұмыстарды жүргізу жөнінде уағдаласты.