Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Рига, 2024 жылғы 26 шіле – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріповтің белгілі латвиялық опера әншісі, көптеген ұлттық және халықаралық марапаттар мен сыйлықтардың иегері Инесса Галантемен, сондай-ақ оның қызы «Инесса Галанте Қоры» басқармасының мүшесі, «Summertime» әлемдік және классикалық музыканың халықаралық музыкалық фестивалінің директоры және «Baltic Awards» халықаралық фестивалінің жаңа мәдени жобасының бас продюсері Диана Галантемен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында екі ел арасындағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері жөнінде, оның ішінде «Baltic Awards» жаңа мәдени жоба желісі бойынша пікір алмасылды.

Сұхбаттасушылар өзара мәдени алмасуды ынталандыру және барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын сақтау қажеттілігімен келісті.