Туристік өзара іс-қимылды дамыту перспективалары Юрмала қалалық думасында талқыланды

Туристік өзара іс-қимылды дамыту перспективалары Юрмала қалалық думасында талқыланды

Юрмала, 2024 жылдың 3 шілдесі – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Балтық теңізі жағалауындағы танымал курорттық қала – Юрмалаға барды.

Юрмала қалалық кеңесінің төрағасының м.а. Янис Лединьшпен кездесу барысында инвестиция, экономика, сауда, мәдениет салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнату, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты. Туризм саласындағы, оның ішінде екі ел арасындағы туристік «ағынды» қалыптастыру арқылы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат Қазақстанда орын алып жатқан негізгі саяси және экономикалық оқиғалар туралы хабардар етті. Ол ұзақ мерзімді инвестициялау үшін перспективалы сала ретінде Қазақстанның туристік секторына тоқталды.