МАҢЫЗДЫ! Латвия Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына АҚПАРАТ

МАҢЫЗДЫ!  Латвия Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына АҚПАРАТ

Латвия ІІМ Азаматтық істер және көші-қон басқармасының мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде виза немесе тұруға ыхтиярхатының мерзімі аяқталған шетел азаматтары, ТЖ тәртібі (ү.ж. 9 маусымнан бастап) біткеннен кейін 30 күн ішінде міндетті түрде өзінің Латвия Республикасында болу құқықтық статусын реттеуі қажет. Атап айтқанда: тиісі виза немесе тұруға ықтиярхат ресімдеу.

Виза мен тұруға ықтиярхат ресімдеу бойынша қызметтер Азаматтық істер және көші-қон басқармасында көрсетіледі.

Құжаттарды тапсыру электрондық-сандық қолтаңба қойылған э-пошта арқылы немесе пошта бөлімшелерінде өтеді.

Мерзімі өткен виза немесе тұруға ықтиярхат үшін айыппұл салынбайды!

Толық ақпаратты Азаматтық істер және көші-қон басқармасының парақшасында келесі сілтеме бойынша алуға болады: https://www.pmlp.gov.lv/ru/.