Қазақстан мен Латвияның өңіраралық ынтымақтастығы басты назарда

Қазақстан мен Латвияның өңіраралық ынтымақтастығы басты назарда

Лиепая, 2024 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Латвияның ірі портты қаласы – Лиепаяға барды.

Лиепая қалалық думасының төрағасы (мэр) Гунар Ансиньшпен кездесу барысында тікелей өңіраралық ынтымақтастықты орнату жолдары, Лиепая портының әлеуетін қазақстандық жүктерді әлемдік нарыққа тасымалдау үшін пайдалану туралы пікір алмасу өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы туралы мәлімет беріп, елдің инвестициялық тартымдылығын, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі тартымдылығын арттыру шараларына тоқталды. Осы орайда, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Г.Ансиньш Қазақстанның іскерлік ахуалын жоғары бағалап, өңірдің Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға деген қызығушылығын атап өтті. Өңірде жұмыс жасауға ниетті қазақстандық бизнеске көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Сапар аясында Елші Лиепай портына, өнеркәсіптік аймақтарға және бірқатар инфрақұрылымдық нысандарға барды. Соның ішінде қазақстандық капиталдың қатысуы бар нысанда да болды.