Қазақстан және Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан және Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Рига, 2024 жылғы 9 мамыр – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Экономика министрі Викторс Валайниспен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар ү.ж. 15 және 16 мамырда жоспарланған Қазақстан Республикасының Көлік министрі М.Қарабаевтың алдағы Ригаға сапары, сондай-ақ Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар қазақстандық жүктердің Латвия арқылы транзитінің көлемін ұлғайтуға және дайын өнімді болашақта еуропалық нарыққа экспорттау мақсатында ЛР-ның еркін экономикалық аймақтарында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін білдірді.