
Рига, 2024 жылғы 29 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Ригаға «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша ғылыми іздестіру - зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-нің қазақстандық делегациясын қабылдады.
РММ-нің Директор орынбасары Меруерт Бейсембаева Латвия Республикасының Ұлттық архивінде, Мемлекеттік тарихи архивінде, Мемлекеттік архивтердің арнайы кітапханасында және басқа да мекемелерінде жүргізіп жатқан архивтік жұмысының барысы, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік архивтері арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырғандықтарын хабарлады.