Наурыз мейрамы - көктем мен жаңару мейрамы

Наурыз мейрамы - көктем мен жаңару мейрамы

Құрметті қазақстандықтар, қымбатты достар!

 

Латвиядағы Қазақстан Елшілігі баршаңызды көктемнің шырайлы мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтайды!

 

Тарихы тереңнен тамыр алатын Наурыз мейрамы табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмір бастауының, берекенің, рухани асқақтаудың бейнесі.

 

Мереке күндері Сіздерге денсаулық, береке-бірлік тілейміз!

 

Наурыз әрбір отбасына бақыт пен гүлдену әкелсін!