
2024 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов «бизнес-дипломатия» форматында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін Латвияның бизнес-қоғамдастығының басшыларымен кездесті.
Елші латвиялық кәсіпкерлерді Қазақстанның жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалары мен инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан-Латвия мемлекетаралық өзара іс-қимылының әлеуетін одан әрі ашу жоспарлары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Өнеркәсіптік кооперация және технологиялық алмасу бойынша бірлескен күш-жігердің қажеттілігіне баса назар аударды.
Өз кезегінде, латвиялық бизнес қоғамдастық өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді жоғары бағалап, латвиялық кәсіпкерлердің қазақстандық серіктестермен тікелей байланысын кеңейтуге мүдделілігін растады.