Қазақстан Елшісі Латвияның сауда-өнеркісіптік палатасының Президентімен қазақстандық-латвиялық ынтымақтастығының болашағын талқылады

Қазақстан Елшісі Латвияның сауда-өнеркісіптік палатасының Президентімен қазақстандық-латвиялық ынтымақтастығының  болашағын талқылады

Рига, 23 ақпан 2024 жыл – Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті – «Eurochambres» президентінің орынбасары Айгарс Ростовскиспен кездесті.

Айгарс Ростовскис ЛСӨП мүшелері Латвияның Орталық Азиядағы ірі экспорттық серіктесі болып табылатындығын және Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.  Бұл ретте өзара әрекеттесудің маңызды секторы ретінде көлік және логистикаға ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, қазақстандық дипломат Казакстанның экономикалық реформалары туралы, оның ішінде елдің өндірістік сектордағы инвестициялық тартымдылығы жөнінде ақпарат берді. Соның мәнмәтінінде тұста латвиялық серіктестерді экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа шақырды.

Сұхбаттасушылар бірлескен жобалар «портфелін» іс жүзінде жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс жасау жөнінде уағдаласты.