Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту және кеңейту

Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту және кеңейту

Рига, 2024 жылғы 14 ақпан – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Рига думасының Төрағасы Вилнис Кирсиспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Рига мен Қазақстанның екі мегаполисі – Астана мен Алматы арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың ерекше рөлін атап өтті.

Бұдан басқа, Елші Д.Кәріпов экономикалық және мәдени тректе өзара іс-қимылды арттыру жөніндегі жоспарлар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде В.Кирсис елордаларымыз арасындағы бауырластық байланыстарды кеңейту және нығайту идеясын құптап, өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды тұрақты қолдайтындығына сендіре отырып, өңіраралық деңгейде іс жүзіндегі ынтымақтастыққа өзінің дайын екенін растады.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.