Отандастармен байланысты нығайту

Отандастармен байланысты нығайту

2024 жылғы 12 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елгава қаласындағы «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығының басшысы Айнұр Дабуловамен кездесу өтті.

Кездесу барысында А.Дабулова «Сәуле» орталығының 2023 жылғы жұмысы жөнінде баяндап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Қазақстан Елшісі Д.Кәріпов орталықтың атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы диаспораның маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар әңгіме барысында болашақта бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктері талқыланды.