ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ: БІР ЖЫЛДА СӨЗДЕРДЕН НАҚТЫ ІСТЕРГЕ ҚАРАЙ. ҚАЗАҚСТАН ПРОГРЕССИВТІ РЕФОРМАЛАР БАҒЫТЫНДА

ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ: БІР ЖЫЛДА СӨЗДЕРДЕН НАҚТЫ ІСТЕРГЕ ҚАРАЙ. ҚАЗАҚСТАН ПРОГРЕССИВТІ РЕФОРМАЛАР БАҒЫТЫНДА

Қазақстан қоғамдық-саяси өмірді дәйекті ырықтандырудың жаңа кезеңін ашатын үлкен саяси реформаларды жүзеге асыруда.Олар демократияның негізгі институттарының – азаматтардың бейбіт жиналыстарға, сайлауды ұйымдастыруға және саяси партиялардың қызметіне одан әрі дамуына бағытталған.
Осы жылдың мамыр айының соңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің одан әрі қоғамдық-саяси дамуы үшін маңызды бірқатар заңдарға қол қойды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Бұл заңдар мен олармен көзделген жаңа енгізілімдер Президенттің Ұлттық сенім кеңесі құрамында ұсынған саяси реформалардың бір бөлігі болып табылады.Оларды қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы және азаматтық қоғамның рөлін күшейтудегі маңызды қадамы болып табылады.Жаңа құқықтық нормалар пікірлердің плюрализмі, балама көзқарастар, сындарлы ұстаным мен жауапкершілік сияқты Қазақстандағы құндылықтарды одан әрі нығайтуда.
Осылайша, митингілер туралы жаңа заң бейбіт жиналыстарды құқықтық реттеуді айтарлықтай жеңілдетеді.Заң жобасын әзірлеу үрдісіне тәуелсіз сарапшылар, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.Көп деңгейлі қоғамдық талқылаулардың нәтижесі үкіметпен бұдан бұрын қаланған қағидалардың одан әрі ұлғаюы болды.
Заң Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына, Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенциясына толығымен сәйкес келеді. Құжат бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаларын анықтайды: олар заңды, ерікті, зорлық-зомбылықсыз және мемлекетке де, азаматтарға да қауіп төндірмеуі керек. Журналистердің қызметін шектейтін тыйым салулар мен міндеттер де алынып тасталды.
Енді Қазақстан қалаларында азаматтарға бейбіт жиналыстар өткізу үшін қоғамдық орындар ұйымдастырылып, бейбіт жиналыстар туралы хабарлау тәртібі 15 күннен 5 күнге дейін қысқарады.
«Біз жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып жатырмыз.Пікірлердің плюрализмі, балама көзқарастар басты орынға шығуда. Билік келіспеушілікті – деструктив деп есептемейді», - деді Президент Қ.Тоқаев. Қазақстан Президентінің пікірінше, қоғамның да, мемлекеттің де ұстанымды ашық білдіруге дұрыс көзбен қарайтын уақыты келді. «Және оған күшпен емес, өз бетімен, саналы түрде келген дұрыс», - деп Мемлекет басшысы атап өтуде.
Алдыңғы заң осыдан 25 жыл бұрын қабылданған және қазақстандық сарапшылар мен халықаралық бақылаушылардың пікірі бойынша ұзақ уақыттан бері тұжырымдамалық қайта қарауды қажет етеді.2020 жылғы жаңа заң халықаралық стандарттарға - Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияның қағидаларына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабына толығымен сәйкес келеді.Заңмен ең бастысы - ерік білдіру құқығы қамтамасыз етілген.
Жаңа құжатта бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттары нақты көрсетілген: олар заңды, ерікті, зорлық-зомбылықсыз және мемлекетке де, азаматтарға да қауіп төндірмеуі керек. Яғни, адам құқықтарының қағидалары сақталады – «тыйым салынбаған барлық нәрсеге рұқсат етіледі» және «сіздің құқықтарыңыз басқалардың құқықтары басталатын жерде аяқталады».
Осылайша, «Бейбіт жиналыстар туралы» заң Президент Қ.Тоқаев жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының ойдағыдай іске асырылуының дәлелі болды.
Сайлау туралы заңнама жетілдірілуде.Жаңа заңдар әйелдер мен жастардың елдің саяси өміріне қатысу құқығын одан әрі нығайтады.Олар партиялық тізімдерге әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін 30%-дық міндетті квотаны енгізуді қарастыруда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Парламентінде әйелдердің үлесі 22% құрайды (ЭЫДҰ заң шығарушы органдарында әйелдердің орташа өкілдігі - 30%).Парламент Мәжілісінде (Төменгі Палата) әйелдер саны - 29, Сенатта - 6, ал 29 жасқа дейінгі жастар Парламентте жоқ.
Мәслихаттарда (жергілікті өкілді органдар) әйелдердің өкілдігі шамамен 22% немесе 740 әйелді құрайды, ал 29 жасқа дейінгі жастардың саны 53 депутат. Жалпы Қазақстан бойынша, мәслихаттардағы депутаттық мандаттардың жалпы саны - 3335.
Статистикаға сүйенсек, бүгінде Қазақстанда экономикалық белсенді әйелдер мен 20-29 жас аралығындағы 2,8 миллион жастар бар. Бұдан былай аталған санаттағы азаматтар жергілікті өкілді орган мен Парламенттің төменгі палатасының депутаттарын сайлауға көбірек қатысады.
Жалпы, квота саясаты – бұл айтарлықтай кең таралған халықаралық тәжірибе.Арнайы партия квоталары Еуропа елдерінде қолданылады және Германияда, Норвегияда, Францияда және Бельгияда жиі кездеседі, бұл нормалар заңмен бекітілген.
Жаңа заң бойынша Қазақстанда арнайы квоталардың енгізілуі қазақстандықтардың жас буыны мен әйелдердің елдің саяси өміріне белсенді қатысуына ынталандырады. Жаңа құқықтық нормалардың қолданылуы 2021 жылы іске асырылады – Парламент Мәжілісіне кезекті сайлау жылында (алдыңғы парламенттік сайлау 2016 жылы өткен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл).
Ел Президенті қол қойған «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялауды жалғастыратын реформалар пакетінің маңызды бөлігі болды.
Сайлауға қатыса алатын саяси бірлестік құру үшін қолтаңбалардың шекті санын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін қысқарту Қазақстандағы партиялық жүйені одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.
Осылайша, заңнамаға енгізілген түзетулер партиялардың елдегі саяси үрдістерге ықпалының артуына ықпал етеді.Олар жаңа саяси партиялар құруға және елдегі партия өмірін жалпы жандандыруға ықпал етеді, бұл үкімет шешімдерін әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсер етеді деп күтілуде.Бүгінгі таңда Қазақстанда 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істейді.
Заңдарда қарастырылған шаралар қоғамдық-саяси кеңістікті қайта құруға, партия саласындағы бәсекелестікті арттыруға, сайлау органдарын барынша инклюзивті, теңгерімді етуге бағытталған.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік саясатты нығайтудың маңызды мәселелерімен қатар, Қазақстан Президенті қазіргі саяси жүйені жақсарту үшін байыпты қадамдар жасауда.
2019 жылы өзінің сайлауалды бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің басқару саясатының негізгі ұстанымдарын нақты көрсетті - бұл «Сабақтастық. Әділет. Прогресс».Қазақстан Президенті алғашқы жыл ішінде осы қағидаларды заңнамалық деңгейде сәтті жүзеге асыруда.
Сабақтастық – елдің саяси өміріндегі жастардың рөлін күшейтумен қамтамасыз етіліп, болашақта мемлекеттің тиімді дамуына ықпал ететін қазақстандық менеджерлердің жас буынын оқытуды қамтамасыз етеді.
Әділет – гендерлік тепе-теңдікті дамыту арқылы елдің өкілді органдарындағы әйелдерге квота беру, сондай-ақ азаматтардың бейбіт жиналыстарға құқықтарын нығайту және саяси партиялардың қызметіне жаңа мүмкіндіктер беру.
Прогресс – әдетте, Қазақстанның саяси жаңару жолындағы дәйекті қозғалысында және мемлекет өміріндегі демократиялық тәжірибенің кеңеюінде көрінеді.
Қабылданған саяси реформалардың мысалында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыра отырып, Президент Қ.Тоқаев уәде бергендей, ең алдымен азаматтардың қалауларын ескеретіні анық көрінуде.Осылайша, жаңа тарихи кезеңде Қазақстан демократияны нығайтуды жалғастырып, оны дамыту бағытын осыдан отыз жылға жуық уақыт бұрын республика халқы саналы түрде таңдап алған болатын.