
Рига, 2024 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Сейм Спикері Дайга Миеринямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Латвия ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективалары туралы пікір алмасты. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың оң динамикасын, сондай-ақ Тараптардың әртүрлі инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы оны мазмұнды толтыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мен кеңейтудің маңыздылығымен келісті.
Парламент желісі бойынша, оның ішінде депутаттық топтардың өзара сапарларымен алмасу арқылы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне ерекше назар аударылды, бұл достық Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын тереңдетуге ықпал ететін болады.