Рига, 2024 жылғы 1 ақпанда – Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Армандс Крауземен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты. Бұл ретте, екіжақты өзара әрекеттесудің перспективті бағыттары ретінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы белгіленді. Оларды іс-жүзінде дамыту үшін тараптар екі елдің агроөнеркәсіптік кешенінде шарттық-құқықтық негіздерін жуық арада калыптастыру мүмкіндіктерін пысықтау жөнінде келісті.
Бұдан басқа, тараптар үстіміздегі жылы бірлескен кәсіпорындар құруға қызығушылықтарын танытты. Осыған орай қазақстандық дипломат Министр А.Краузені 2024 жылы Қазақстанда жоспарланған халықаралық көрмелерге қатысуға шақырды.