Латвия стивидорлары қазақстандық компанияларды порттардағы ынтымақтастыққа шақырды

Латвия стивидорлары қазақстандық компанияларды порттардағы ынтымақтастыққа шақырды

2024 жылғы 31 қаңтарда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Рига, Вентспилс және Лиепая порттарындағы жетекші инфрақұрылымдық және логистикалық кәсіпорындар – Латвияның стивидорлық компаниялар қауымдастығының басшылығымен кездесу өтті.

Латвия бизнес өкілдері қазақстандық өндірушілерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және тікелей байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін растады. Екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа нысандарына дайын екендіктерін білдіріп, бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов сұхбаттасушыларды Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын одан әрі тереңдету және дамыту, оның ішінде екі мемлекеттің транзиттік-көліктік әлеуетін неғұрлым толық ашу жолымен дамыту жоспарлары туралы хабарлады.