Рига порты қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты жандандыруға дайын

Рига порты қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты жандандыруға дайын

Рига, 2024 жылғы 30 қаңтар – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріповтің Рига еркін портының Басқарушысы Ансис Зелтиньшпен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында тараптар порттың мультифункционалды инфрақұрылымын пайдалана отырып, контейнерлік тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде өзара қызығушылықтың бар екендігін растады. Рига портының еркін экономикалық аймағында өзара іс-қимылды кеңейтуге және бірлескен жобаларды құруға, содан кейін дайын өнімді еуропалық нарыққа экспорттауға көп көңіл бөлінді.

Сонымен қатар А. Зелтиньш түрлі қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеу бойынша бірқатар нақты жобаларды іске асыруға дайындық барысы туралы хабарлады.