
25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвия Республикасының Экономика министрі Виктор Валаиниспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының үдемелі дамуына көңілдері толатындықтарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету мақсатында, соның ішінде экономиканың әртүрлі салаларында бірлескен ивестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қосымша күш-жігер жұмсау бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Осы тұрғыдан үстіміздегі жылы Рига қаласында Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын өткізуге қызығушылықтарын танытты.
Бұдан басқа қазақстандық дипломат Экономика министрі В.Валаиниске Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А. Қуантыровтың «Адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ұлттарды біріктіру: бірлесіп жарқын өмір құрамыз» атты тақырыбындағы 2024 жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақыруын табыстады.