
8 қаңтарда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Дәурен Кәріповтің Латвия Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Улдис Рейманиспен кездесуі өтті .
Кездесу барысында тараптар транзиттік-көлік саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі алдағы қадамдарды, оның ішінде 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесін, сондай-ақ іске асыруға жоспарланған жобаларды пысықтау барысын талқылады.