
4 қаңтарда Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Климат және энергетика министрі Каспарс Мелниспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық климаттық күн тәртібінің өзекті тармақтары бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Жандандырылатын энергетика саласындағы екі жақты өзара әрекеттесуді жолға қою қазақстандық-латвиялық көп қырлы ынтымақтастығын едәуір толықтыратынына сенім білдірді.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушысына Қазақстанның экологиялық саясаты туралы кеңінен ақпарат берді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Халыққа Жолдауында еліміздің көміртекті бейтараптыққа көшуі бойынша, оның ішінде «жасыл» сутегі өндіретін ірі объектілерді іске асыру арқылы нақты қадамдарын айқындап көрсеткенін атап өтті.
Өз кезегінде Министр Латвия энергетикасының «таза» әлеуеті туралы сөз қозғай отырып, жандандырылатын энергетиканың тиісті инфрақұрылымын құру және оны экспорттау тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.