Консулдық саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Консулдық саладағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

2023 жылғы 21 желтоқсанда Латвия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшісі Дәурен Кариповтің Консулдық департаменті Директоры Агнесе Салинямен кездесуі өтті.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Латвия арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде азаматтардың өзара сапарларын оңайлату және оларға консулдық-құқықтық көмек көрсету тетігін жетілдіру мүмкіндігін талқылады.

Тараптар 2024 жылы екіжақты консулдық консультацияларды өткізудің орындылығы туралы келісті.