Қазақстан Елшісі Латвияның Әл-ауқат министрімен қазақстандық-латвиялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Қазақстан Елшісі Латвияның Әл-ауқат министрімен қазақстандық-латвиялық ынтымақтастық келешегін талқылады

19 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтың Латвияның Әл-ауқат министрі Улдис Аугулиспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвияның екі жақты ынтымақтастығын жоғары бағалап, оны ары қарай дамытудың зор әлеуетін атап өтті. Осыған байланысты Министр өзара әрекеттесуді, соңдай-ақ әлеуметтік салада тәжірибе алмасу және еңбек көші-қон процесін реттеу мәселесін әртараптандыруға дайын екенін білдірді.

Бұдан басқа, тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазақстандық-латвиялық күн тәртібін мазмұнды толықтыру мақсатында 2024 жылға арналған бірлескен шаралар кестесін талқылады.