Музыка жастарды біріктіреді

Музыка жастарды біріктіреді

2023 жылғы 15-16 желтоқсанда Латвия астанасында «Riga Symphony-2023» халықаралық вокал және музыка фестивалінің жыл сайынғы жастар байқауы өтті.

Қазақстанның жас және дарынды орындаушылары бірнеше мәрте аталған беделді ән фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған. Биылғы жылы фестивальде еліміздің 8-11 жас аралығындағы алты жас дарындары таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстан атынан байқаудың қазылар алқасының құрамында Астана және Алматы қалаларының Опера және балет театрының еңбек сіңірген солисті, вокал және дауыс имиджінің кәсіби оқытушысы Илона Тен болды.

Байқау қарсаңында Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде қазақстандық жас сайыскерлерді құшақ жая қарсы алып, сәттілік пен жеңіс тіледі.

Қазақстандықтардың лайықты өнерін байқау қорытындысы көрсетті, яғни балаларымыз 5 алтын және 1 күміс медаль алды.

Байқау соңында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов дипломаттармен бірге жеңімпаздарымызды құттықтап, азаматтарымызды жылы қабылдағаны, осы іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін «Riga Symphony» фестивалінің басшылығына, белгілі латвиялық композитор және продюсер Елена Лорена Швилпеге ерекше ризашылығын білдірді.

Е.Швилпенің өзі атап өткендей, Қазақстаннан келген дарынды жастардың аталмыш ән фестиваліне қатысуы елдеріміз арасындағы достықтың жарқын дәлелі болып табылатындығын және фестивальде Қазақстаннан жас сайыскерлерді әрқашан күтетіндігін ерекше атап өтті.