
8 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасының Мемлекеттік кірістер қызметінде Мемлекеттік кірістер қызметінің бас директоры Иева Яунземемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің салық органдары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Латвияның кеден қызметтері арасында, оның ішінде Латвия аумағы арқылы қазақстандық тауарлардың тұрақты транзитін қамтамасыз ету мақсатында жедел ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.