
2023 жылғы 7 желтоқсанда Латвия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвия Республикасы СІМ-нің Бірінші екіжақты қатынастар департаментінің директоры Катарина Платеремен және Консулдық және дипломатиялық қамтамасыз ету дирекциясының Бас директоры Юрий Погребнякспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастар деңгейіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетуге мүдделілігін растады. Осы тұрғыда Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелері, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған өзге де аспектілер талқыланды.